Астана күніне орай ерекше фестиваль өтеді

/
Астана күніне орай ерекше фестиваль өтеді
istockphoto.com

Астана күніне орай 5-6 шілде күндері елордада қалалық перфоманс фестивалі өтеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Фестиваль кезінде елорданың көшелері, саябақтары мен алаңдары бір үлкен сахнаға айналады.

Ауқымды шара аясында қала көшелерімен әртістер шеруі және ашық алаңдарда көше қойылымдары өтеді.

Екі күнге созылатын бағдарламаға Астана, Алматы және Мәскеу қалаларынан шығармашылық ұжымдар қатысады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары