Қарбызды қалай таңдау керек?

/
Қарбызды қалай таңдау керек?
сурет: istockphoto.com

Кейде сатып алған қарбызымыз ақшыл, дәмсіз болып, көңіліміз су сепкендей басылады. Піскен, тәтті, шырынды қарбызды қалай таңдау керек?

1. Сырты – күңгірт, жолақтары айқын

Жылтырап тұрған қарбыз емес, күңгірт түрі піскен болады. Жолақтары қанық жасыл және айқын болуы керек.

2. Жерге тиген тұсы – сарғыш

Қарбыздың бір жағындағы сары дақ – оның піскен жері. Егер ол ашық сары немесе сарғыш болса, піскен. Ал ақ болса, піспеген.

3. Құйрығы (сабағы) – кеуіп қалған

Құрғақ, ширатылып қалған құйрық – қарбыздың толық піскенінің белгісі. Жасыл, иілгіш болса, ерте үзіп алған.

4. Қарбыз кішірек, бірақ ауыр болсын

Кішірек қарбыздың өзі ауыр болса, іші тығыз, шырынды. Үлкен, бірақ жеңіл қарбыз іші бос, дәмсіз болуы мүмкін.

5. Түбі (гүл орны) кішкентай болсын

Қарбыздың түбіндегі шұңқыр (гүл тұрған жері) неғұрлым кішкентай, дөңгелек болса, дәмдірек болады.

6. Кесілген қарбыздың ішіне қараңыз

– Түсі – қып-қызыл;
– Дәндері қара немесе қоңыр болуы керек.
– Ақ дән немесе дәнсіз болса, химикатпен өсірілген болуы мүмкін.
– Талшықтары тым қалың болса, піспей жатып жұлынған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары