«Көкшетау» тауында адасып кеткен 7 адам құтқарылды, деп хабарлады turkystan.kz сайты Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар таудан түскен кезде адасқан.
«30 маусымда күндіз Ақмола облысы Бурабай ауданында 7 адамнан оның ішінде 6 баладан тұратын отбасы, теңіз деңгейінен 920 метр биіктікте орналасқан тауның шыңына көтеріліп, түсу кезінде адасып кетті», - деп жазылған хабарламада.
Көмек туралы дабыл алған ТЖМ қызметкерлері тез арада оқиға орнына шықты.
Құтқарушылардың кәсібилігі мен жедел әрекетінің арқасында барлық топ биіктіктен түсірілді. Медициналық көмекке ешкім мұқтаж болған жоқ.