Алматы қаласының Әуезов ауданында «Газель» автокөлігі қатысқан жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Апат Шаляпин көшесінде орын алды. Батыс бағытта қозғалып келе жатқан жүргізуші көлікті басқара алмай, аялдамаға соғылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2003 жылы туған қыз зардап шекті. Ол түрлі жарақаттармен қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.
Жол апатының себептері мен мән-жайы анықталуда.