Қапшағайдағы су қоймасына екі жасөспірім батып кете жаздады

/
Қапшағайдағы су қоймасына екі жасөспірім батып кете жаздады
istockphoto.com

Қапшағай су қоймасында жағадан шамамен 80 метр қашықтықта 2012 және 2009 жылы туған екі жасөспірім қауіпсіз аумақтан асып, өз беттерімен қайта оралуға шамалары жетпеген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Құтқарушылар балаларды жағаға жедел жеткізді. Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Төтенше жағдайлар министрлігі ескертеді:

балаларды су жағасында қараусыз қалдырмаңыз;

қайықта, катамаранда және SUP-доскада серуендегенде құтқару желетін киіңіз;

ауа райы мен желдің күшіне назар аударыңыз.

Бұған дейін 24 маусымда Алматы облысында қайғылы жағдай болған. Әйел адам Талғар өзеніне ұлын құтқару үшін секіріп, екеуі де суға батып кеткен.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары