«Өскенде ғана шын түсінеді екен адам»: Төреғали Төреәлінің қарындасы жүрекжарды жазбасын жариялады

/
«Өскенде ғана шын түсінеді екен адам»: Төреғали Төреәлінің қарындасы жүрекжарды жазбасын жариялады
Ашық дереккөзден

Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба жария етті, деп хабарлады turkystan.kz.

Танымал коуч Фариза Төреәлі әкесін туған күнімен құттықтап, жазба арнады.

«Айтар сөз де, тілек те көп… Бірақ бүгін мен әкем туралы айтқым келеді.  Жүрегі жұмсақ, бала-шағасына шексіз мейірімді, әрдайым қорған, әрдайым қамқор Әке… Адал еңбекпен, шын ықыласпен, “отбасым” деген ниетпен жасаған әр ісіңізді біз білеміз. Сол сабырдың, сол тірліктің, сол үнсіз жауапкершіліктің артында – осынша терең махаббат пен жанкештілік жатқанын өскенде ғана шын түсінеді екен адам… Сіздей Әке бұйыртсын әрбір балаға. Сіздің қасыңызда жүріп, сіздің тәлім-тәрбиеңізді көріп өскеніміз – біздің ең үлкен байлығымыз», - деді Фариза Төреәлі.

Белгілі коуч әкесіне жүрекжарды лебізін арнады.

«Сіз – бізге Алланың берген ең қымбат сыйысыз. Сізге қарап Раббымның мейірімін, қорғанын, шапағатын көрем. Сіздің бар болғаныңыз – біздің өміріміздегі үлкен нығмет. Алла Тағала сізге ұзақ, берекелі ғұмыр берсін. Бала-шағаңыздың қызығын көріп, немере-шөбереңіздің қуанышына бөлене беріңіз. Жаныңыз тыныш, деніңіз сау, көңіліңіз тоқ болсын. Туған күніңізбен, Папа! Сізді шын жүректен жақсы көрем. Айтылмаса да, жүректің түбінде – сізге деген алғыс пен мәңгілік махаббат», - деді Төреғали Төреәлінің қарындасы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары