Ыстықтың беті қайта ма? Қазақстанға жауын-шашынды циклон келе жатыр

/
Ыстықтың беті қайта ма? Қазақстанға жауын-шашынды циклон келе жатыр
istockphoto.com

26-28 маусым аралығында Қазақстан аумағына солтүстік-батыс циклоны жылжиды. Ол жаңбыр, найзағай және екпінді жел әкеледі, деп хабарлады "Қазгидромет" синоптиктері.

Батыста, солтүстік-батыста, шығыста және елдің орталығында қатты нөсер жауын күтіледі, кей жерлерде бұршақ пен дауыл болуы мүмкін.

Күндіз батыста, солтүстікте және шығыста ауа температурасы 18-28 градус жылы болады. Ал оңтүстікте және оңтүстік-шығыста аптап ыстық сақталады – 38 градусқа дейін.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары