23-24 маусым күндері еліміздің оңтүстік өңірінде қатты ыстық болып, Шымкент қаласы мен Түркістан облысының бірқатар аудандарында электр энергиясы өшті, деп хабарлайды turkystan.kz.
"Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС-нің хабарлауынша, жарық беру жүйесіндегі үзілістердің негізгі себептері — тұтынудың күрт артуынан туындаған электр желілерінің артық жүктемесі мен жабдықтардың зақымдануы.
Қосымша жүктемеге бөгде ұйымдардың келісілмеген жер қазу жұмыстары себеп болған. Соның салдарынан жерасты кабель желілері зақымданған.
Апат салдарын жою үшін компания қосымша апаттық-қалпына келтіру бригадаларын жұмылдырды. Қалпына келтіру жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.