Заңсыз жолмен баюды көздеген келіншек «Instagram» әлеуметтік желісінде тікелей эфирде «Бинго» ойынын заңсыз ойнатқан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ойын шарттарына сәйкес, тікелей эфирде бәс тігу сомалары әртүрлі ақшалай қаражатты құрап, қатысушылардың арасынан жеңімпазды анықтап, оған ұтысты телефон номері арқылы жолдаған.
Қылмыстық әрекеттің нәтижесінде 90,6 млн теңге табыс тапқан.
Сот үкімімен оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.