«Байдан байға тиді, өмір – бумеранг»: Мөлдір Әуелбекова өзінен кешірім сұраған жанкүйерінің хатын жария қылды

/
«Байдан байға тиді, өмір – бумеранг»: Мөлдір Әуелбекова өзінен кешірім сұраған жанкүйерінің хатын жария қылды
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне келген тыңдарманының хатын жария етті, деп хабарлайды Turkystan.kz. 

«Хат келді: "Мөлдір ханым, сізді "байдан байға тиіп еще бала туып түсінбеймін осыны" - деп, әр фотоңызға пікір жазған кездерім болды. Өмір бумеранг дегенді енді түсініп тұрмын. Қызым екінші рет ажырасып үш баламен үйімде. Қатты қиналып отырмын. Кешірім сұраймын сізден. Мен білмей қалдым бұлай боларын!" -деп жазыпты бір Ханым. Ренішім жоқ. Ажырасу өлім емес! Алла жеңілдігін берсін!Біреудің тағдырына қол сұқпайық! Әрбір жасағанамыз бен айтқанымыз өз өмірімізге келмейінше өмірден өтпейміз. Сақ болайық», - деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары