«Бәрі маған декретке шыққан жігіт деп күледі»: Блогер Шалғын Әузайт әйелі туралы айтты (ВИДЕО)

/
«Бәрі маған декретке шыққан жігіт деп күледі»: Блогер Шалғын Әузайт әйелі туралы айтты (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіден

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 99-бабына сәйкес елімізде әкелер де бала үш жасқа толғанға дейін декреттік демалысқа шыға алады. Мұндай демалыста болған кезең еңбек өтіліне сай толықтай есептеледі.

Бұл туралы Kazinform жазды.

– Жүктілікке және босануға байланысты демалыстан басқа, қалауынша бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін. Кодекстің 99-бабына сәйкес, осындай демалысты баланың анасы немесе әкесі ала алады, ал бала ата-ананың қамқорлығынсыз қалған болса, жақын туысына, яғни баланы іс жүзінде тәрбиелейтін адамға беріледі, - делінген электронды үкімет порталында.

Декреттік демалысқа шыққан әкелердің бірі – Шалғын Әузайт. Ол студент жарының сабағына кедергі келтірмес үшін балаға қарау жауапкершілігін өз мойнына алған.

– Мен Ұлпанға үйленгеннен кейін оны бірден қолдап, өзінің қалауы бойынша визажистік бет әрлеу мамандығын оқыттым. Сол арқылы үлкен жетістіктерге жетті. Ол уақытта өзім бала қарап, декретте отырдым. Бұл – үлкен тарих болды. Мен ол кезде неге шықтым? Өйткені, Ұлпан студент болды. Ұлпанның шәкіртақысы түкке жетпейді. Ал менің алатын айлығым 100 мыңға жетер-жетпес. Ал біздің отбасымызда тұтынатын заттарымызға кететін шығын өте жоғары болды. Сондықтан мен Ұлпанға үйдегілерді асырау керек деп айттым. Мен декретке шығып, одан қанша ақша түсетінін көрейін дедім. Солай, Ұлпан босанардан алдын, 9 ай болған шамасында өтініш білдірдім, - дейді Jibek Joly арнасының «Бүгін LIVE» бағдарламасына сұхбат берген кәсіпкер.

Кәсібімен қоса блогын да қатар алып жүретін әке көпшілікке «Декретке шыққан еркек» ретінде жақсы таныс. Шалғын Әузайт өзін көшеде көріп, күліп жататындардың барын жасырмады.

– Қазір көшеде кетіп бара жатсам, кезіккен адамдардың бәрі маған декретке шыққан жігіт деп күліп айтып жатады. Бұл – енді отбасым үшін жасаған әрекетім ғой. Бірақ мен барлығына декретке шығып кетіңдер деп айта алмаймын. Өйткені, кейбір мекемелер декретке шығармайды. Ал барша декретке шығамын деген кісілерге айтқым келетіні – отбасылық жағдайға қараңыз, жарыңызға қараңыз. Біздің отбасымызда, біздің әулетімізде, меннен бұрынғы өткен аталарымнан қалған тәрбие, отбасыдағы әйел адамға, нәзік жандыларға деген көзқарасымыз, құрметіміз мүлде бөлек, - дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары