«Жаман көрінеді, шектен шықпаңыздар»: Алтынай Жорабаева әншілерге ескерту жасады

/
«Жаман көрінеді, шектен шықпаңыздар»: Алтынай Жорабаева әншілерге ескерту жасады
Әлеуметтік желіден

Әнші Алтынай Жорабаева той-томалақтар мен жиындарда мобилографымен бірге баратын өнер иелерін сынға алды. 

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды. 

"Осы мобилографпен жүретін жандар! Қатты шектен шықпаңыздаршы, өтініш. Құран оқитын жер болсын, той болсын. Үнемі бірге жүреді. Қонаққа барсаң тіпті амандасқаныңа дейін, сыйлық бергеніне дейін түсіріп жүреді. Жаман көрінеді. Шын айтамын. Желіге салғанда халыққа білінбейді. Бірақ сіздің солай мобилографыңызбен кіріп келгеніңіз сырттан жаман көрінеді. Бәрі "на показ" үшін екені жаман білініп, сырттан жаман көрінеді. Жарайды, жұмысыңызды, өнеріңізді жасаңыз. Тіпті арнайы блогерлердің іс-шарасы болса да мейлі. Бірақ шектен шықпаңыздаршы. Артық айтсам, кешірім сұраймын", - деп жазды әнші. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары