Қазақстанның үш қаласында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

/
Қазақстанның үш қаласында төтенше жағдай жариялануы мүмкін

Павлодар облысында орын алған қатты дауыл салдарынан үш қала мен екі ауданда төтенше жағдай режимін енгізу қарастырылып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Qazaqstan телеарнасы таратқан хабарға сенсек, желдің екпіні секундына 43 метрге дейін жетіп, өңір бойынша айтарлықтай залал келтірген.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, табиғи апат салдарынан 18 адам түрлі жарақат алып, бір тұрғын қаза тапқан. Барлығы 297 нысан бүлінгені анықталды.

Баянауыл мен Ақсу қаласының бірқатар аумағында әлі күнге дейін электр энергиясы толық қалпына келтірілмеген. Электрмен қамту қызметінің мәліметінше, Ақсу қаласының маңында шамамен 5 мың, Құлакөл ауылында 45, ал Сұлужон мен Майкөбе елдімекендерінде 115 абонент жарықсыз қалып отыр.

Қазіргі уақытта апат салдарын жою жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары