Шымкент жастарының тосын сыйы желідегілердің жүрегін тебірентті (ВИДЕО)

/
Шымкент жастарының тосын сыйы желідегілердің жүрегін тебірентті (ВИДЕО)

Шымкент қаласында бір топ жас әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін тебірентті. Сыныптастардан құралған жігіттер өздерінің досына тосын сый жасап, оған автокөлік тарту етті, деп жазды turkystan.kz.

Оқиға барысында түсірілген бейнематериалда жас жігіттің шынайы таңданысы мен қуанышы анық байқалады. Сонымен қатар, ұлына берілген сыйлықты көрген ана көзіне жас алған.

Желі қолданушылары бұл әрекетті достықтың, жанашырлықтың және өзара қолдаудың мысалы ретінде бағалауда. Көпшілігі мұндай бастамалар жастардың бір-біріне деген ықыласы мен қамқорлығын арттыратынын атап өтті.

«Құтты болсын! Достықтарың мәңгі болсын! Адал достарың көп болсын!», «Керемет! Күшті, тфәй-тфәй, достары күшті екен. Көріп қуаныштан жылап алдым», «Ризамын, жігіттер» деп жазды желі қолданушылары.

 

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары