Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тұрақсыз жағдай сақталған елдерден азаматтарды эвакуациялау бойынша үйлестірілген іс-шараларын жалғастыруда, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ведомствоның хабарлауынша, соңғы күндері Египет арқылы Израильден 66 қазақстандық, ал Ираннан 78 адам эвакуацияланған: олардың 73-і — Армения арқылы, 2-еуі — Әзербайжан арқылы, ал тағы 3-еуі — Түрікменстан арқылы елге жеткізілген.
Израиль мен Иранда жүрген қазақстандық дипломаттар өз отандастарына консулдық және құқықтық көмек көрсету жұмыстарын жалғастырып жатыр.
СІМ эвакуациялау қабылдаушы елдердің билігімен тығыз ынтымақтастықта жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Ведомство Израиль, Египет, Армения, сондай-ақ Иран, Әзербайжан және Түрікменстан үкіметтеріне Қазақстан азаматтарының қауіпсіз шығуын ұйымдастыруға көрсеткен көмектері үшін алғыс білдірді.
Министрлік атап өткендей, үйлесімді халықаралық қолдаудың арқасында қазақстандықтардың көбірек бөлігі үйлеріне аман-есен оралу мүмкіндігіне ие болуда.