Алматыда автобус көлікпен соқтығысып, кейін ғимаратқа кіріп кетті

/
Алматыда автобус көлікпен соқтығысып, кейін ғимаратқа кіріп кетті
видеодан скриншот

Алматы қаласында таңғы уақытта жолаушылар автобусы апатқа ұшырады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға таңғы сағат 6:15 шамасында Әуезов ауданында болған. Yutong маркалы автобустың жүргізушісі Жандосов көшесімен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, Яссауи көшесіне солға бұрылған кезде көлік тізгініне ие бола алмай, Chevrolet Cobalt автокөлігімен соқтығысқан.

Ол кезде көлік жүргізушісі бағдаршамның жасыл сигналы жануын күтіп тұрған.

Соқтығысудан кейін автобус қозғалысын жалғастырып, ғимаратқа соғылған.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр.

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары