Абай облысында сотталған әйел түрмеде сүйіктісімен некесін қиды

/
Абай облысында сотталған әйел түрмеде сүйіктісімен некесін қиды
Polisia.kz

Абай облысындағы ҚАЖ әйелдер колониясында 30 жастағы сотталған әйел өзінің 35 жастағы сүйіктісімен заңды түрде некесін қиды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Неке қию рәсімін АХАТ органының қызметкері ҚР “Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы” кодексінің талаптарына сәйкес өткізді. Салтанатты рәсім барлық қажетті заңдық талаптар мен дәстүрлер сақтала отырып, тікелей мекеме аумағында ұйымдастырылды. Алматы облысының 30 жастағы тұрғыны алаяқтық жасағаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылған.

Колонияда жазасын өтеп жүрген кезінде ол мекеме қызметкерлеріне үш жылдан астам уақыттан бері қарым-қатынаста болып жүрген азаматпен некесін ресми түрде тіркеу ниеті бар екенін жеткізген. Мекеме қызметкерлері оның бастамасын қолдап, қажетті құжаттарды жинауға және некені мемлекеттік тіркеуге көмектескен.

– Біз үш жылдан астам уақыт бұрын әлеуметтік желі арқылы таныстық. Алғашында жай ғана хат алысып жүрдік, кейін кездесіп, қарым-қатынасымыз жалғасты. Бірге өмір сүруді жоспарлап жүрген едік, алайда тағдырдың жазуымен мен бас бостандығымнан айырылдым. Бастапқыда оның ата-анасы қарым-қатынасымызға қарсы болып, ұлдарының сотталған әйелмен өмірін байланыстырғанын қаламады. Алайда ұзақ әңгімелесуден кейін ол ата-анасының ойын өзгерте алды. Уақыт өте келе олар біздің қарым-қатынасымызды қабылдап, некемізге келісім берді. Мен бостандығымнан айырылғаныммен, өмірімдегі ең маңызды дүниеге – отбасыма қол жеткіздім. Енді мені күтетін, қандай жағдай болмасын жақсы көріп, қолдайтын жарым бар. Оның сезіміне сенімдімін және мені ешқашан тастамайтынын білемін. Маған қиын болған кезеңде қолдау көрсетіп, неке қию рәсімін ұйымдастыруға көмектескен мекеме қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, – деді сотталған әйел.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар