Биржада доллар бағасы өсіп жатыр

/
Биржада доллар бағасы өсіп жатыр
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 519,55 теңгені құрап, 0,63 теңгеге көтерілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 19 маусымға белгіленген ресми доллар бағамы – 518,81 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу орташа есеппен 519,27 теңге, сату – 521,15 теңге. Астанадағы айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 517,62 теңгеге сатып алып, 523,64 теңгеге сатып жатыр.

Еске сала кетейік, 16 маусымдағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 0,34 теңгеге, 17 маусымда – 4,85 теңгеге, ал 18 маусымда – 1,13 теңгеге өскен болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары