Экс-судья Жолманова 10 жылға бас бостандығынан айырылды

/
Экс-судья Жолманова 10 жылға бас бостандығынан айырылды
Ғаламтор

Алматыда Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолмановаға қатысты іс бойынша үкім шығарылды. Іс Медеу ауданының №2 сотында, судья Қанат Арыновтың төрағалығымен қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сот үкімі бойынша Светлана Жолманова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (аса ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Айта кетейік, Светлана Жолманова Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы – аса ірі көлемдегі алаяқтық бойынша айыпталған. Тергеу мәліметтері бойынша, 2021 жылдан 2024 жылға дейін ол жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға көмектесемін деген желеумен азаматтардың ірі көлемдегі қаражатын алдап және сенімді теріс пайдалану арқылы иемденген.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары