Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам зардап шекті

/
Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам зардап шекті

Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 20:12-де Алматы қаласының Медеу ауданында орын алған. «Ауди» маркалы автокөліктің жүргізушісі Күлджін трактісімен солтүстік бағытта, Рысқұлов даңғылының солтүстігіне қарай келе жатып, рөлге ие бола алмай, шығыс жағындағы жол жиегіне шығып кетіп, темір тосқауылға соғылған. Жол апатының салдарынан көліктегі жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды», – делінген хабарламада.

Жол апатында зардап шеккен жүргізуші мен тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен медициналық мекемелерге жеткізілді.

«Адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады», – делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары