Танымал қазақстандық ойыншы «Реал» командасына ауысуы мүмкін

/
Танымал қазақстандық ойыншы «Реал» командасына ауысуы мүмкін
Ашық дереккөзден

«Бешикташ» «Реалмен» келісім жасамақ, оған Бахтиер Зайнутдинов та кіруі мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz Offside.kz-ке сілтеме жасап. 

Бахтиер Зайнутдинов мадридтік «Реалға» ауысуы мүмкін.

A Bila басылымының хабарлауынша, түріктің «Бешикташ» клубы 25 жастағы сол жақ қорғаушы Фран Гарсияның трансфері бойынша «корольдік клубқа» ұсыныс жасауды жоспарлап отыр.

Мүмкін болатын айырбас аясында стамбұлдықтар Қазақстан құрамасының 27 жастағы жартылай қорғаушысы, «Ростов» пен ЦСКА-ның бұрынғы ойыншысы Бахтиер Зайнутдиновты да бұл келісімге қосуды қалайды.

Клубтар тарапынан ресми түсініктеме әлі берілген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары