Талдықорған қаласы, Көктал ықшам ауданында, Балақты өзенінде ересектердің қарауынсыз және жабдықталмаған жерде шомылу кезінде бала аяғын арматураға тығып алған. Оқиға орнына құтқраушылар жедел жеткен, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға орнына ТЖМ Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, сондай-ақ ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының медицина бригадасы шыққан.
Арнайы гидравликалық құралдың көмегімен құтқарушылар зардап шегушінің аяғын босатты. Бала дәрігерлерге берілді.
ТЖМ ата-аналарды сақ болуға шақырды.Мысалы: Жабдықталмаған жерлерде шомылу; Ересектердің қарауынсыз су қоймаларына бару; Құрылыс және авариялық-қауіпті учаскелердің жанында ойнау.