Астанада суға батқан ер адам жауапқа тартылды

/
Астанада суға батқан ер адам жауапқа тартылды
istockphoto.com

2024 жылғы 18 маусымда Есіл өзенінің Атырау көпірі маңында киіммен жүзіп жүріп суға батып бара жатқандай белгі көрсеткен ер адам байқалды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астананың Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар Нұржан Орынбай мен Нұрболат Байзулдинов келген. Олар 1987 жылы туған, алкогольдік масаң күйдегі азаматты құтқарып қалды. Ер адамға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ТЖМ ескертеді: суға мас күйінде түсу — өмірге төнетін үлкен қауіп.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары