Қазақстанның екі спортшысы Азия чемпионатында семсерлесуден үздік ондыққа енді

/
Қазақстанның екі спортшысы Азия чемпионатында семсерлесуден үздік ондыққа енді
olympic.kz

Индонезияның Бали аралында семсерлесуден Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарыстың алғашқы күнінде ерлер арасында қылыш қаруымен семсерлесуден, ал әйелдер арасында рапира бойынша жүлделер сарапқа салынды.

Қазақстандық Артём Саркисян үздік ондыққа еніп, жетінші орынға ие болды. Ол медаль үшін өткен кездесуде жапондық Кайто Стритске бір ғана шаншу айырмасымен есе жіберді - 14:15. Жанат Нәбиев 20-орынды иеленсе, Бақдәулет Құралбекұлы - 31-ші, Назарабай Саттархан - 36-шы орынға тұрақтады.

София Актаева Азия чемпионатын сегізінші орынмен аяқтады. Үздік сегіздікке өту жолында ол Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, жапон спортшысы Сэра Азумадан басым түсті. Күлжан Түсіпбекова 28-ші, Алёна Гноева 31-ші орынды еншіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары