Елорда тұрғыны «WhatsApp» қосымшасында жалған хабарлама жариялаған, деп жазады turkystan.kz.
Ол азаматтардың назарын аудара отырып, зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегіне жетпеген тұлғаларға БЖЗҚ-дан қаражат алу қызметтерін ұсынған.
Алаяқ өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі болмағанына қарамастан, зейнет жасындағы адамдардан 50 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша алған.
Барлығы 17 осындай қылмыс жасап, жалпы сомасы 3 млн теңгеден асатын қаражатты иемденген.
Сотта кінәлі тұлға өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушілерге залалды толық өтеген.
Сот үкімімен ол сотталды.