Екпінді жел салдарынан Атырау облысындағы қамыс өртін сөндіру мүмкін болмай тұр

/
Екпінді жел салдарынан Атырау облысындағы қамыс өртін сөндіру мүмкін болмай тұр

Атырау облысында қамыс өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлады turkystan.kz.

13 маусымнан бері Атырау облысында жалпы ауданы 805 га қамыс өртінің бірнеше ошағы сөндірілген. Қазіргі уақытта Атырау қаласынан 37 км жерде шамамен 7 га алаңдағы өрт жалғасуда.

"Жетуі қиын жерлер, қамыстың қалың өсуі, екпінді жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатуда. Өртті сөндіруге ТЖМ мен табиғи резерваттың барлық қажетті күштері мен құралдары тартылды. Жұмыс басталғаннан бері ТЖМ авиациясы өрт ошақтарына 33 рет су төкті. Өрт орынына жедел штаб жұмыс жасауда. Облыстық ТЖД бастығы Нұрлан Жаңабаев өрт сөндіру жұмыстарын басқаруда. Жағдай ТЖ министрлігінің тұрақты бақылауында", - делінген ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары