Бұған дейін Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету жөніндегі Кешенді жоспарға кәмелетке толмағандарды интернеттегі деструктивті контенттің зиянды әсерінен қорғауға бағытталған ұсыныстар әзірленгені хабарланған болатын.
Осы бастама аясында Алматы қаласының прокуратурасы TELE2/ALTEL байланыс операторымен бірлесіп «SIM KIDS» пилоттық жобасын іске қосты.
Бұл интернетке қауіпсіз және бақыланатын қол жеткізуді қамтамасыз ететін арнайы балалар SIM-картасы.
Карта автоматты түрде зиянды контентті бұғаттайды, ата-аналарға баланың қосымшалардағы белсенділігін бақылауға мүмкіндік береді және дыбыссыз режимде болса да, баламен байланыста болуды қамтамасыз етеді.
Жоба пилоттық сынақ кезеңінен сәтті өтіп, қазіргі уақытта барлық ниет білдірушілер үшін қолжетімді.