Жақында ғана келін түсірген Сәкен Майғазиев ұлы мен келінін ертіп, қарашаңыраққа бас сұқты, деп жазды turkystan.kz.
«Қалайсыз, анашым? Бұл Сәкен Майғазиев қой. МузАрт тобындағы», - деді әнші анасымен амандасып жатып.
Әнші жұбайымен бірге аналарына келіні мен балаларын көрсетіп, мәз-мейрам болды.
«Тойды аман-есен өткізіп алдық. Бәрі сізді сұрап жатыр, сізге сәлем айтты. 100 жастан ассын», - деп жатыр деді С. Майғазиев.
Жүрек жылытар сәтке куә болған желі қолданушылар қарияға ақжарма тілек арнаған.
«Анаңыз аман болсын! Шөбере, шөпшек сүйюге жазсын!», «Түуф, мен қызығып кеттім ғой. Анасы бар қандай бақытты жансыз», «Қарты бар үйдің қазынасы бар», «Жақсы адамдар қартайғанда осылай отырады. Қандай керемет әже. Балалары жанында, немерелері құшақтап сүйіп отыр», «Сәкен, жарайсыз! Мың жасаңыз!» деп жазды көпшілік.