Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова тұңғыш қызы Сезімнің мектеп бітіру кешіне қатысқанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол бұл кешке Қайрат Нұртаста қатысқанын айтты.
«Қызым маған жүгіріп келіп, құшағыма ене кетіп, қатты қысып "Анашым! Рақмет!" дегенде тамағыма өксік келді де тығылды тілімді жұтып қойғандай үнсіз ғана құшақтап, кешірім сұрауымды тоқтатпадым. Іштей тілеуімді тілеп көзімнің жасын тыя алмадым. Баланы аман-есен дүниеге әкелу, ешкімге өкпесіз өсіру, ерінбей дамыту, зейінін ашу, ауыспалы кезеңде сабырмен үнсіз тыңдау, сенім арту, жылағанда жұбату, сүрінгенде қолдау, жетістігіне қуану, сұрағына толыққанды жауап беру, махаббатың мен мейіріміңді аямай беру, сөйлесуге уақыт бөлу арқылы гана балаңнан күтпеген, сұрамаған жерден жемісіңнің дәмін сезу ғажап СЕЗІМ екен. Сол эмоцины кеше басымнан өткіздім де, өзіме риза болдым. Жаратқанға сансыз шүкір!», деп жазды актриса.