Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында ерекше видеоны бөлісті. Тойда сүйікті әншісін көріп қалған тыңдарманы оған қолындағы гауһар тасты білезігін шешіп берген, деп жазады turkystan.kz.
Видеодан оған оқырманы қолындағы білезігін шешіп беріп, ақ тілектерін жаудырғанын көруге болады.
"Жақында тұрмысқа шықтыңыз. Шын жүректен қуанамыз. Сізді жақсы көреміз. Сізді 21 млн халықтың бәрі жақсы көреді. Он баланың арнасы ретінде сізге не беремін деп ойлап, қолымдағы білезігімді сыйға тартамын. Шын ниетім. Он бала таппасаңыз да, сегіз бала табыңыз. Ұлыңыз да ер жетіп тұр, немере, шөбере көріңіз", - деді тыңдарманы.
Әнші де оның жылы лебізіне сүйсініп, өзінің алғысын білдірді.
"Бүгін ерекше сәт болды: бір көрерменім жақсы көретінін айтып, құрметін білдіріп, қолыма әдемі білезік салды. Осындай шынайы көңіл мен жылулық үшін алғысым шексіз! Қадірменді, менің сүйікті көрерменім, мен бәріңізді жақсы көремін", - деп жазды ол.