Үндістандағы ұшақ апатынан аман қалған жолаушы алғашқы сәттерді баяндады

/
Үндістандағы ұшақ апатынан аман қалған жолаушы алғашқы сәттерді баяндады

12 маусым күні Ахмедабад қаласынан Лондонға ұшып шыққан Air India әуе компаниясының Boeing 787 Dreamliner ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бортта 242 адам болған. Олардың ішінде Үндістан, Ұлыбритания, Португалия және Канада азаматтары болған.

Апаттан тірі қалған жалғыз жолаушы — 40 жастағы Ұлыбритания азаматы Вишваш Кумар Рамеш. Оның айтуынша, ұшқан соң 30 секундтан кейін қатты дыбыс естіліп, артынша ұшақ жерге құлаған.

«Орнымнан тұрғанда айналамда мәйіттер жатты. Қатты қорықтым. Жүгіре жөнелдім. Біреу мені жедел жәрдем көлігіне отырғызып, ауруханаға жеткізді», – дейді ол.

Полиция тірі қалған жолаушыны 11А орнынан тапқанын хабарлады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары