Танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы еліміздегі онлайн тойлардың өтуіне байланысты пікір білдірді.
БАҚ өкілі тойдың өзгеше дамуы креатив деп баға берді.
“Сәкеннің ұлының онлайн тойына байланысты түрлі пікір болып жатыр. Мынадай деректі бөліскім келеді. Менің кіші ұлым осыдан бірнеше жыл бұрын америкалық әншінің концертіне онлайн билет алып, ақылы тіркелген. Бір компьютерлік ойынды көру үшін ақылы тіркелген. Сәкен – қазақтың біртуар азаматы. Қоғамға қосып жүрген еңбектерін жақсы білемін. Біздің қорға да ақша беріп, көмектескен. Қуанышты бөліссең көбейеді деген. Егер сұраныс болып тұрса, заң бұзылмаса, адам құқығы тапталмаса салық төленсе, бұл – креатив идея. Оның үстіне ұр да жық, талас, ойын, стримдерді сатып алып, көріп жүрген заманнанбыз ғой”, – деді Ләйлә.