Tанымал әнші Сәкен Майғазиев жалғыз ұлын үйлендірді. Енді әнші ұлан-асыр той жасағалы жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әншінің әйелі тойға дайындық барысын көрсетіп, су жаңа келінін көпшілікке таныстырды.
"Ақ келініміз Әдия босағамыздан аттап, ата-ене, ағайын-жұртқа сәлем салып, жүзін елге танытты. Осы сәттен бастап ол – біздің келініміз ғана емес, біздің қызымыз.
Қадамың құтты болсын, қызым! Ақ босағаң берекелі, отың мәңгі сөнбесін!", - деп жазды ол.