«Енеңе ертерек бас беру деген осы»: Журналист Жанар Айжанованы сынға алды

/
«Енеңе ертерек бас беру деген осы»: Журналист Жанар Айжанованы сынға алды
Әлеуметтік желіден

Танымал журналист Ербол Мәндібек күйеубаласының шашын өз қолымен алған Жанар Айжанованы сынға алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ырымға жаман нәрсе. Бұнысы болмапты. Жанар Айжанова апамыз су жаңа күйеу баласының шашын өз қолымен тақырлап алып тастапты. Енеңе ертерек бас беру деген осы. 

Оның айтуынша, ежелгі қазақ ырымында қайынжұрты
күйеу баланың басы тұрмақ шашымен ойнамауы керек деген тәмсіл бар. 

Мүмкін бұл бүгінгі заман үшін ескірген шығар. Бірақ шаштараз толып тұрған заманда енесіне шашын алдыру "басын" алдырумен бірдей сияқты. Жанар апамыз елдің абыройлы адамы. Ертең елдің бәрі еліктеп күйеу балаларының шашын жұлса қайтеміз? Су жаңа тренд құтты болсын ағайын!» — деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары