«Өміріңнің соңы өкініш болады»: Танымал әнші өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қазақ қыздары туралы айтты

/
«Өміріңнің соңы өкініш болады»: Танымал әнші өзге ұлтқа тұрмысқа шыққан қазақ қыздары туралы айтты
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Айдар Тұрғамбек қазақ қыздарының өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуы жиілеп кеткеніне алаңдайтынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол қазақ қыздарының шетелдікке тұрмысқа шығуы исламда күнә болып саналатынын айтты.

«Қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығуы көбейіп барады. Зияндары: 1. Исламда күнә болады. 2. Тегіңді құртасың. 3. Ата-анаң қиналады. 4. Ұрпағың дүбәрә болады. 5. Толық сіңісіп кете алмайсың. 6 Жастық шақта білінбеуі мүмкін, бірақ өміріңнің соңы өкініш болады.

Тик-токта бір қазақ қызының европалық діні бөлек жігітке тұрмыс құрып бірге тұрып жатқанын күніге көрсетіп отырады,жарнама жасап жатқандай.Енді ойлашы оны көріп отырған қаракөз қыздар бізде солай шетелдікке тиіп кетсек, солай қыдырып жүрсек деп армандайды ғой. Бірақ расында шетелдікке тиген қыздардың іші қалай болып жатқаны белгісіз ғой. Мен өзім сондай қыздың өкінгенін көзінен көргенмін, қасында Анасы жылағандай болып маған сырын айтқан еді», — дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары