Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчы аясында Солтүстік Македониямен кездесті, деп хабарлады turkystan.kz.
Ойын елордадағы «Астана Арена» стадионында өтті. Кездесуді словакиялық төреші Филип Глова бастаған қазылар алқасы басқарды.
Алғашқы таймда Қазақстан белсенді шабуылдады. Белсенді ойнаған Ғалымжан Кенжебек допты бағанға тигізсе, Ислам Чесноков пен Максим Самородов та бірнеше тамаша мүмкіндікке ие болған еді. Алайда айып алаңы шегінен қарсылас футболшы Александар Трайковски бұрышқа дәл соққы жасап, гол соқты.
Екінші таймда да қазақстандықтар қарсылас қақпасын жиі мазалады. Асхат Тағыберген алыстан қауіпті соққы жасап, Данияға салған голын қайталауға шақ қалды. Максим Самородов допты маңдайшаға тигізсе, Дастан Сәтпаев қақпаны дүр сілкінтті. Бірақ ойын 0:1 есебімен аяқталды.