Астанада автокөлік видеобақылау камерасы тұрған бағанды қиратты

/
Астанада автокөлік видеобақылау камерасы тұрған бағанды қиратты
instagram.com/astana_city/

Жол апаты Момышұлы даңғылында болған. Апаттан жүргізуші зардап шеккен, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Volkswagen Golf автокөлігінің жүргізушісі Абылайхан даңғылынан келе жатып, Момышұлы даңғылымен Қордай көшесінің қиылысында бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп, рөлге ие бола алмай, бейнебақылау камералары орнатылған көше жарығының бағанына соғылды», – деп хабарлады Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары