Ақтөбеде кәсіпкерден 7 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Күдікті бұрын сотталған. Ол кәсіпкерді қорқытып, ірі көлемде қаражат талап еткен.
Жедел іс-шаралар нәтижесінде күдікті ақшаның 2 миллион теңге көлеміндегі алғашқы бөлігін алған сәтте қолға түсті.
Тергеу барысында ол кәсіпкерге ұзақ уақыт бойы қысым көрсетіп, жалпы 7 миллион теңге талап еткені анықталды.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.