Ауа-райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды

/
Ауа-райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды
istockphoto.com

Қазгидромет бүгін Қазақстан өңірлерінде күтілетін ауа-райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары туралы хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Павлодар облысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Ақмола облысында, Астана мен Көкшетау қаласында, Қостанай облысында тұман түседі.  

Қарағанды мен Ұлытау облысында найзағай ойнап, тұман түседі.

 Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстарында найзағай ойнап, жел күшейеді.

Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі.

Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары