Блогер Жан Ахмадиев Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовпен кездесті. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода былтыр өртенген үйдің орны көрсетіліп, үйі сол күйі қайта салынбағаны, ешкім көмектеспегені айтылады, деп жазады turkystan.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.
Блогердің айтуынша, осыдан 1 жыл бұрын Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі Қаржаубайға үй салып береміз деп уәде еткен, алайда сөзінде тұрмаған.
"Қасқыр мінезді қазағым, мүмкін ертең – ел болып, бірлікпен сбор ашатын күн болар мүмкін .
Шерзат үшін бұл күн – жай ғана кездесу емес, жүректегі сағынышқа жауап берер шақ.
Аспандағы періштеміз ата-анасының жанында болғанда,
Шерзат әлдеқашан үйлі болуды қалаған ба еді?..
Үй – жай ғана төрт қабырға емес,
Ол – жүрекке тыныштық, жанға тұрақ, сағынышқа шипа", - деп жазды блогер.