Маңғыстау облысындағы «Толқын» кен орнында №57 ұңғымадан газ-судың қоспасы төгілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«2025 жылдың 6 маусымында Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында орналасқан, «Varro Operating Group» ЖШС иелігіндегі «Толқын» кен орнында №57 ұңғымадан газ-судың қоспасы төгілгені анықталды. Өртсіз шыққан апат тіркелді», — делінген хабарламада.
Айта кетсек, апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта ұңғыманың құбыр кеңістігінен газ-судың қоспасы шығуын жалғастырып жатыр.
Апатты жою үшін оқиға орнына Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінен 10 техника, 32 қызметкер және 1 дрон жіберілді.
Қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты бақылауда.