Шерзат Полат өлімі: Сотталған Равиль Сакиевтің анасы жауапқа тартылды

/
Шерзат Полат өлімі: Сотталған Равиль Сакиевтің анасы жауапқа тартылды
видеодан скриншот

Кеше Шерзат Полаттың өліміне қатысты айыпталғандарға сот үкімі шықты. Сотталғандардың туған-тауыстары үкім оқылғаннан кейін өздерінің наразылықтарын көрсетіп, бейәдеп сөздер айтқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Сот үкімін жариялағаннан кейін сотталғандардың туыстары, сот шешімімен келіспей, тәртіп бұзу әрекеттеріне барды. Оның ішінде, бейәдеп сөздер айтып, агрессия көрсеткен бір туысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген Жетісу облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Сот залы мен оған жапсарлас аумақта полиция тәртіпті қамтамасыз етті.

«Сот әділдігі ешқандай қысымға ұшырамайды. Қандай да бір әрекетпен жағдайды тұрақсыздандыруға, сот шешімдерінің орындалуына кедергі келтіруге немесе сотқа деген құрметсіздік танытуға тырысулар заң шеңберінде қатаң тоқтатылатын болады. Жазадың өтуіне қатысты ешқандай аяушылық болмайды», - деп қорытындылады полиция департаменті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары