Бүгін марқұм Шерзат Полат өліміне кінәлілерге сот үкімі шықты. Судья үкімді оқып болғаннан кейін сотталушылар сот залында төбелесіп қалған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сол сәтте түсірілген видеоны жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
Видеодан сотталушылардың аналары мен жиналған адамдардың «Абзал, қой, Құдайдан қайтсын», «Дидар, қой» деген дауыстары естіледі.
Айта кетейік, сот үкімімен Абзал Шынасыл – 23 жылға, Равиль Сакиев – 20 жылға, Азамат Тоқтаубаев – 15 жылға, Нұрқияс Ілиясов – 9 жылға, Шыңғыс Белғожаев – 7 жылға, Дархан Әскентай – 7 жылға, Нұрбол Тоқтаубаев – 7 жылға, Дидар Қалиахмет – 7 жылға, Думан Ысқақ – 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.