Роза Рымбаеваның ұлы, әнші, музыкант, саундпродюсер Мәди Рымбаев неліктен продюсермен жұмыс істемейтінін айтты.
«Мен ол туралы ойландым. Бірнеше рет ойландым. Сосын бәріне анализ жасап, ол маған керек емес екенін түсіндім. Маған ерікіндік керек. Бір кездері «Әндерім өтпейді» деп түңіліп кеттім. Мүмкін, продюсердің көзқарасы, продюсердің идеяларымен шықсам, мүмкін, басқаша болады. Бірақ ойладым да қойдым», – дейді ол Ревю бағдарламасына берген сұхбатында.