Нидерланды мен Германияға қара және түсті металл сынықтары заңсыз экспортталған

/
Нидерланды мен Германияға қара және түсті металл сынықтары заңсыз экспортталған
istockphoto.com

Көлік прокуратурасы органдары Нидерланды мен Германияға қара және түсті металл сынықтарын заңсыз экспорттау фактілерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астана қаласындағы Кедендік ресімдеу орталығында (КРО) пайдаланылған құбырларды экспорттауға арналған кедендік декларациялар ТН СЭҚ кодын бұрмалау арқылы ресімделген. Бұл факт кеден сарапшыларының қорытындысымен расталды.

Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрінің 2023 жылғы 18 қазандағы №34 бұйрығына сәйкес, мұндай бұйымдарды экспорттауға тыйым салынған.

Құқық бұзушылыққа жол берген екі заңды тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 545-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Бірінші сатыдағы сот оларды кінәлі деп танып, 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салды.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары