Тергеу изоляторындағы күдіктілерден пара алған полицейлер сотталды

/
Тергеу изоляторындағы күдіктілерден пара алған полицейлер сотталды
istockphoto.com

Астана қаласының Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторының қызметкері 2023 жылғы қараша мен 2024 жылғы сәуір аралығында ұсталып, изоляторда отырған, тергеудегі 26 адамға ұялы телефонды пайдалану құқығын заңсыз бергені үшін жалпы сомасы 1,9 млн теңгеден астам пара алған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сотта ол өз кінәсін мойындап, ең аз мөлшерде айыппұл тағайындауды сұраған.

Пара берді деп айыпталған 24 сотталушыға қатысты қорғаушы олардың өкінуіне байланысты қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Сот полиция қызметкерін кінәлі деп танып, мемлекеттік қызмет қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Тағы екі қызметкер кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Бір қызметкерге  мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 есе пара мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

23 сотталушыға қатысты қылмыстық іс өкінуге байланысты тоқтатылды, өйткені олар тергеу кезінде жақын туыстарымен байланыс мүмкіндігін орнату үшін ұялы телефонды пайдалануға қатысты пара беруге мәжбүр болған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары