Биыл Құрбан айт мейрамының алғашқы күні алдағы жұмаға, 6 маусымға сәйкес келеді. Бұл күні қазақстандықтан демалады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) еліміздің өңірлеріндегі айт намазының кестесін жариялады. Айта кету керек, намаз уақыты облысқа байланысты әртүрлі, айырмашылық бір сағатқа дейін болуы мүмкін.
Көптеген өңірлерде айт намазы таңғы 6:00 немесе 6:30-да басталады. Ерекше жағдай — Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында. Онда намаз уақыты 7:00-ге белгіленген.
Толық кестені ҚМДБ-ның ресми ресурстарынан табуға болады.