Голливуд жұлдызы әрі Калифорния штатының бұрынғы губернаторы Арнольд Шварценеггер соңғы жылдары бірнеше үй жануарын асырап алған. Оның ұлы Патриктің айтуынша, актер осылайша орта жас дағдарысымен күресуге тырысып жүр. Бұл туралы ол Literally! With Rob Lowe подкастында айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазір Шварценеггердің үйінде Шнелли есімді шошқа, Лулу есімді есек, Виски атты жылқы мен бірнеше ит тұрады. Патриктің айтуынша, әкесі осындай өмір салтына толық бейімделген және ол Хью Лофтингтің жануарлар тілін түсінетін кейіпкері доктор Дулиттлді еске салады.
«Барлық жануар Арнольдтың айналасында жүреді. Ол әрқайсысына арнайы тағам дайындайды: мысалы, жылқыларға пайдалы сұлы печеньесі, шошқа жақсы көретін сорпа. Бұл фильмдегідей көрінеді, бірақ шын өмірде болып жатыр», – деді Ақ лотос телехикаясының жұлдызы Патрик Шварценеггер.
Айта кетейік, қыркүйек айында Арнольд Шварценеггер Берлиндегі жеке Hertie School университетінен құрметті доктор атағын алған. Ол бұл марапатқа климаттың өзгеруімен күресі мен азаматтық қоғамды дамытуға қосқан үлесі үшін ие болды.