Кез келген адамға құя беруге болады: Жапония ғалымдары жасанды қан жасап шығарды

/
Кез келген адамға құя беруге болады: Жапония ғалымдары жасанды қан жасап шығарды
сурет: istockphoto.com

Жапонияда ғалымдар қан тобы мен резус-факторына қарамастан кез келген адамға құя беруге болатын жасанды қан жасап шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz mededgemea.com-ға сілтеме жасап.

Клиникалық сынақтар 2022 жылдан бері жүргізіліп келеді. Мамандардың айтуынша, жаңа қанның жанама әсерлері өте аз, ал сақтау мерзімі кәдімгі қанға қарағанда әлдеқайда ұзақ.

Мәселен, донорлық қан 42 күнге ғана жарамды болса, жасанды қан екі жылға дейін бөлме температурасында сақтала алады. Бұл жаңалық төтенше жағдайларда, соғыстар мен табиғи апаттар кезінде адам өмірін сақтап қалуда үлкен мүмкіндік береді деп бағаланып отыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары