Елдос Сметов: Мақсатым – екі дүркін Олимпиада чемпионы болып, 4 рет Олимпиада пьедесталына көтерілген тұңғыш қазақ атану

/
Елдос Сметов: Мақсатым – екі дүркін Олимпиада чемпионы болып, 4 рет Олимпиада пьедесталына көтерілген тұңғыш қазақ атану
ашық дереккөзден

Халықаралық дзюдо федерациясы Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов туралы ролик жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz. Аталған роликте ол спорттағы жолын баяндап, алға қойған мақсатын ортаға салады.

«Үшінші Олимпиада ойындарында менің жұлдызым жанды, бағым мен бабым қатар шапты. Сол күні қазақ тарихын жаңарттым.

Әр спортшы үшін Олимпиаданы ұту – арман. Соның жетегінде жүріп үш Олимпиада ойындарына қатыстым. Сол сияқты Рио Олимпиадасында 100 пайызға алтын аламын деп ойладық. Ол жерде жасымыз да келіп тұрды, әлем чемпионы да болған едім. Одан кейін Токио Олимпиадасына барғанда да жасым 27-28-ге жақын еді. Ол кезде де алтыннан алқа тағынамыз деп ойладық. Тек алтын үшін күресеміз деп бардық. Бірақ сәті түспеді. Бағымызға орай күміс алдық.

Бірақ Олимпиада ойындарына бару да өте қиын болды. Қиын жолмен келді. Азия біріншілігінде күрескенімде ұтылып қалып, болды, осымен күресті қоямын деп Олимпиаданың алдында үш ай бұрын күресті қоямын деп шештім. Анам мен әкеме қоңырау шалып, Азия біріншілігінен кейін мен күресті қойғалы жатырмын дедім. Сондағы әкемнің айтқан сөзі: «Олимпиада ойындарына екі-ақ жарыс қалды. Бағыңды сыфнап көр, балам. Ертеңгі үні өмір бақи өкінесің. Өзіңді бір тексеріп көр» деді. Ал анама хабарласқан кезде «Балам мен барлығын түсінін тұрмын, көріп тұрмын, оңай нәрсе жоқ. Жаныңа батады, өте қиын спорт түрі. Бірақ менің  сөзімді тыңдасаң, үлкен бір қуаныштың келетінін сезіп тұрмын», – деді. Осыдан кейін менің күресті қойып кетуге ешқандай қақым да болған жоқ. Себебі туған анам осындай сөздер айтып тұрған соң, белімді буып қайтадан залға кіріп, көп күш пен тер төгілді. Бірақ десе де жарақаттарға тұрарлық жеңіс болды», – дейді Олимпиада чемпионы.

Елдос алдағы Олимпиадада да бағын сынауға дайын екенін айтады.

«Жеңіске жеткенде барлық қиындықты, барлық жарақатымнан құтылғандай сезімде болдым. Эмоциямен аурулардың бәрін ұмытып кеттім. Сондай бір эмоция сыйлады. Және бұл сезімді, бұл эмоцияны сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Себебі бұл нәрсені адам сезіну керек, көру керек. Сол педьесталдың үстіне шығу керек. Сол кезде ғана сезе алады. Бұл Олимпиада ойындарының алтыны ел үшін де тарихи жеңіс болды. Және артымыздан өсіп келе жатиан өскелең ұрпаққа үлкен мотивация. Олимпиада ойындарының чемпионы шығуға мүмкіндік бар екенін дәлелдейтін бірден бір медальдардың бірі болғандықтан, қазір Олимпиададан соңдзюдо залдарында көптеген балалар жазылып жатыр. Сондықтан бұл – қуантатын жағдай. Біздің дзюдомыз жоғары деңгейде дамып жатыр. Құдай қаласа, біздің елімізде әр Олимпиада сайын жаңа Олимпиада чемпиондары шығуына шын жүректен тілектеспін және мен сенемін!

Алға қойған мақсат – тек қазақ дзюдосының тарихын жаңарту ғана емес, енді әлемнің дзюдосының тарихын жаңарту. Құдай қаласа, екі дүркін Олимпиада чемпионы болып, 4 рет Олимпиада пьедесталына көтерілген тұңғыш қазақ ретінде бүкіл әлемде тарихта қалу», – дейді Олимпиада чемпионы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары